386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АЭФ-ке Италияның бұрынғы премьер-министрі Р.Проди қатысады

  • 328
  • UPD: 08:56, 08.05.2018

Әлемнің дамыған және дамушы елдері геосаяси ахуалға қалай әсер ете алады?

Тың технологияның адамзатқа пайдасы мен зияны қандай? Осы және өзге де сауалдардың жауабы Астана экономикалық форумында белгілі болады. Онда сарапшылар бүгінгі экономиканың әлеуеті, сауда және саяси байланыстардың келешегі туралы сөз қозғайды. Сондай-ақ спикерлер заманауи жаһандық сын-тегеуріндер туралы пікір алмасады. Форумның құрметті қонақтары қатарында Италияның бұрынғы премьер-министрі Романо Проди бар. Аталған саясаткердің арқасында Италия Республикасы бірыңғай еуропалық валюта еуроны енгізген алғашқы елдер қатарынан көрінді.

Хабар 24 телеарнасы