417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АЭФ-те әлемдік экономикадағы процестердің еліміз үшін маңызы талқыланады

  • 775
  • UPD: 20:19, 09.05.2018

Таяу күндері әлемдегі ең беделді эксперттік сұхбат алаңдарының біріне айналған Астана экономикалық форумы жұмысын бастайды.

Халықаралық шараның биылғы ерекшелігі – мұнда «Жаһандық стратегия әлемі» тақырыбы кеңінен талқыланбақ. Сондай-ақ экономикалық процестерге негізделген жаңа технологиялар ғаламдық интеграциясы туралы сөз болады.

Ғаламдық жылыну, қалдықтарды қайта өңдеу, халықаралық сауда мен адамзат қауіпсіздігі. Бүгінде әлем елдері алдында осындай өзекті мәселелер тұр. Түйткілді жаһан болып бірігіп шешу маңызды.  Осы ретте Астана экономикалық форумына артылар жүк ауыр. Мәселен халықаралық жиынның бір бөлігі Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге арналып отыр. 

Ботагөз Төреханова, Еуразиялық интеграция институты департаментінің директоры:

- Интеграция деген ұғымның маңызы күн өткен сайын артып келеді. Мәселен, мен үшін осы бағыттағы әлеуметтік-мәдени факторлар қызық. Яғни тек экономикалық не технологиялық қана емес, әлеуметтік-мәдени ындымақтастық та үлкен  рөл атқаратынына көз жеткізгім келеді.

Әлемдегі негізгі тауар айналым мұхиттар мен теңіздер арқылы жүретіні белгілі. Алайда Қазақстан бұл салада құрлықтағы жолдардың да тиімді екенін дәлелдей алды. Осы мақсатта Қытай мен Қазақстанды және Қазақ елі мен Еуропаны жалғайтын темір жол салынды. «Қорғас» портының құрылысы аяқталды. Бұған қоса, ұзындығы 2700 шақырым болатын «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолы төселді. Осының бәрі тауар айналым саласына жаңа серпін әкелді.

Вячеслав Додонов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері:

- Қазақстан үшін әлемдік экономикада болып жатқан үрдістер өте маңызды. Өйткені ел әл-ауқатының арттыруына оның өзіндік әсері бар. Мәселен, әлемде экспорттық тауарлардың құны артса, біз сыртқа шығаратын мұнай, металл не ауыл шаруашылығы шикізаттарын көбірек пайда табамыз.

Бұл мәселелерге қатысты нақты қандай ұсыныстар жасалып, шешімдер қабылданатынын алдағы аптада белгілі болады. Астана экономикалық форумы 17 мамырда басталады.

Авторлары: Аслан Қаженов, Зарина Бейсембина

Хабар 24 телеарнасы