419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АЭФ-те ЕАЭО аясындағы технологиялық ынтымақтастық тетіктері талқыланбақ

  • 488
  • UPD: 13:25, 10.05.2018
АЭФ-те ЕАЭО аясындағы технологиялық ынтымақтастық тетіктері талқыланбақ

Жаңа технологиялардың бірыңғай Еуразиялық платформасын құру.

Бұл тақырып Астана Экономикалық форумында кеңінен талқыланбақ. Халықаралық жиын қонақтары әсіресе Еуразиялық экономикалық одақтағы инновациялық жобаларды ортаға салып, олардың қазіргі әлемдік нарықтағы рөліне тоқталады. Одаққа мүше елдердің өкілдері индустрия саласын жаңғыртудағы ынтымақтастық тетіктеріне және оның аймақтағы өнеркәсіптердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпалы жөнінде пікір алмасады.

Шоқан Оразбеков, Еуразиялық интеграция институты жанындағы зерттеу орталығының сарапшысы:

– Қазіргі әлемдік нарық бір-бірімен бәсекелесіп, жарысқа түскенін түсінуі керек. Бұл технологиялар мен инновациялар жарысы. Бастысы біз осы бәйгеде қалып қоймай, бәсекеге қабілетті екенімізді көрсетуіміз маңызды. Ол үшін жаңа идеялар қажет. Жаңа ойдан тың технологиялар туындайды.

Хабар 24 телеарнасы