433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АЭФ-те блокчейн технологиясы мен криптовалюта тақырыбы талқыға салынбақ

  • 622
  • UPD: 21:49, 11.05.2018

Астана экономикалық форумында блокчейн технологиясы мен криптовалюта тақырыбы кеңінен талқыланатын болады.

Сарапшылардың пікірінше, ТМД аумағында жаһандық цифрлық жүйе қалыптасып келе жатыр. Ол ақпаратты сақтайтын әрі тарататын платформаға айналады. Бірақ технологиялар мен байланыстағы сәйкессіздіктер цифрлық бағдарламалардың дамуын тежейді. Сондықтан нақты жұмыс істейтін блокчейн мен цифрлық жүйелерді пайдалану тәжірибесімен алмасу маңызды. Форумда Қазақстандағы криптовалюта нарығын реттеу мәселесі көтеріледі. Сарапшылардың айтуынша, әлемдегі көптеген ел серпінді технологияларға көшіп, криптоқаржы нарығын қалыптастыруға мүдделі.

Есет Бутин, Қазақстандық блокчейн және криптовалюта қауымдастығының президенті:

– Бұл форумда біз осы нарықтың қажеттілігін және оның реттелуінің маңызды екенін айтқымыз келеді. Бұл нарықта Қазақстанның тәжірибесі аз. Сондықтан бізге халықаралық сарапшылардың пікірі маңызды. Сонымен қатар Ұлттық Банк пен Астана қаржы орталығының осы нарыққа деген көзқарасы қандай екенін білу қажет.

Хабар 24 телеарнасы