387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АЭФ қатысушылары жекешелендіру мәселелерін талқылайды

  • 210
  • UPD: 09:39, 12.05.2018

Әлем Астана экономикалық форумына көз тігетіні анық.

Мысалы, экономикада мемлекеттік сектор үлесі үдемелі түрде өсіп келе жатқаны белгілі. Көптеген сарапшылар мұны тиімді қадам ретінде балап отыр. Ал мемлекеттік бастаманы жеке секторға қалай көшіру керек? Жекешелендіруді қай кезде бастау қажет? Осы және өзге де сұрақтарға жауап іздейтіндер көп. Астана экономикалық форумының қатысушылары «Жаһандық стратегия әлемі» атты сессиясы шеңберінде осы тақырыпты кеңінен талқылайды. Спикерлер қатарында зерттеу және консалтингтік компания президентінің басқарушы орынбасары Андреа Ди Майо бар. Ол сондай-ақ мемлекеттік сектордың зерттеу тобына жетекшілік етеді. Оның құзыретіне электрондық үкімет стратегиясын дамыту, ІТ саласындағы бизнес құндылықтарды жүзеге асыру сынды қызметтер кіреді. Сонымен қатар жұмыс сессиясына «Сколково» мәскеулік басқару мектебінің президенті Андрей Шаронов қатысады. 2010 жылдың желтоқсанында Мәскеу мэрінің орынбасары қызметіне тағайындалып, бүгінде ол өнеркәсіп, экономикалық саясат, бюджетті қалыптастыру, мемлекеттік сатып алулар, сауда мен қызмет көрсету салаларына жауапты. Андрей Шаронов – 20-дан астам ғылыми еңбек пен мақалалар авторы. 5 авторлық өнертабыс куәлігінің иегері.

Хабар 24 телеарнасы