421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Cарапшы: Болашақта мамандықтардың 85 пайызы өзгереді

  • 967
  • UPD: 17:49, 12.05.2018

Алдағы он жылдың көлемінде қазіргі мамандықтардың басым көпшілігі түбегейлі өзгеріп, кейбірі мүлде жойылып кетеді.

Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумына арналған жиында айтылды. Сарапшылардың пікірінше, ақпараттық технологиялар қарқынды дамып жатыр. Сондықтан болашақта адамның қызметі техникаға жүктелуі мүмкін. Сондай-ақ жиында форумда талқыға түсетін сұрақтар да сөз болды. Айта кетейік, Астана экономикалық форумында барлығы 11 тақырып қаузалады.

Бақытгүл Хамбар, ЭЗИ Стратегиялық әзірлемелер орталығының директоры:

– Мұнда қандай сұрақтар талқылануы мүмкін. Менің ойымша, қазір цифрлық технологияның пайдаланылуына байланысты адамдардың алдында көптеген сұрақ туындауда. «Қандай мамандықтарды игергеніміз дұрыс, болашақта жұмыссыз қалуымыз мүмкін бе» деген сияқты. Осыған байланысты, ғалымдардың пікірінше, кейбір сарапшылар «қазіргі кезде цифрлық технологияға байланысты мамандықтардың, білім беру жүйесінің қарқынды өзгеріп жатқаны соншалық, 2030 жылға дейін мамадықтарға өзгерістер енгізілуі мүмкін дейді. Бұл бірінші. Екіншіден, болашақта қажетті мамандықтардың 85 пайызы белгісіз дейді.

Хабар 24 телеарнасы