426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы пікірі: Жеке секторды салық төлеу жүйесіне барынша тарту қажет

  • 469
  • UPD: 17:50, 12.05.2018

Еліміздің ұлттық қорындағы қаражатты үнемдеу.

Қазір Үкімет алдында тұрған басты мақсаттардың бірі – осы. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры жанындағы әлемдік экономика институтының маманы Сергей Домниннің пікірі осыған саяды. Сарапшының айтуынша, бұл түйткілді шешу үшін жеке секторды салық төлеу жүйесіне барынша тарту қажет. Сонда бюджетті толтырып, Ұлттық қордың жүктемесін азайтуға болады. Осы орайда мемлекет халықты барынша жұмыспен қамтып, салық төлеу жүйесін жетілдіруі тиіс. Ал әлемдік деңгейде бұл мәселе қалай шешіліп жатыр? Бұл жайында биыл Астана экономикалық форумының спикерлері панельдік сессия аясында әңгіме өрбітеді.

Сергей Домнин, Әлемдік экономика институтының бағдарлама жетекшісі:

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар аз емес. Оларды көлеңкелі экономикадан шығару қажет. Сондықтан әрдайым насихаттау жұмысын жүргізіп, халықты салық төлеуге ынталандырған абзал. Салық жүйесін реттеу кезінде үнемі экономикалық өсімнің болуын қадағалауды ұмытпаған жөн.

Хабар 24 телеарнасы