433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АЭФ-те Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығы талқыланады

  • 917
  • UPD: 09:29, 13.05.2018

Астана экономикалық форумының басталуына төрт күн қалды. Салиқалы жиын кезінде әр алуан тақырып талқыға түсетіні айтылды.

Мысалы, Орта Азия елдерінің әріптестігі жайында да әңгіме өрбуі тиіс. Экономист Меруерт Махмұтова Қазақстан мен Өзбекстанның әріптестік ара қатынасы Орта Азия елдерінің серіктестігіне негіз болады дейді. Қазақ-өзбек қарым-қатынасы Тәжікстанға, Қырғызстанға және Түрікменстанға оң әсерін тигізуі тиіс. Себебі қазіргі таңда еліміз Орталық Азиядағы жалпы ішкі өнімнің 75 пайызын қамтамасыз етеді. Сондықтан көрші Өзбекстанмен байланыстың артуы аймақтағы ахуалды жақсарта түсері хақ. Дегенмен, сарапшылар өңіраралық саудада кедергілер көп екенін айтады. Бұл өзекті мәселені олар Астана экономикалық форумында талқылауды жоспарлап отыр. 

Меруерт Махмұтова, экономист:

- Орталық Азияны алсақ, мұнайдан тыс, шикізаттан тыс салаларымыз дамып жатса, онда бізге Орталық Азия қажет. Ең бірінші Орталық Азия нарығы. Сондықтан басқа халықаралық Қытай, Жапония, Құрама штаттарға Қазақстан емес, Орталық Азия атынан айтып отырсақ, қызық боламыз. Қазақстан 18 млн, аз нарықпыз, ал Орталық Азияны алсақ 60 млн. Осы сессиялар форумға қатысушыларға қызық болады деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы