425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АЭФ-те сарапшыларымыз блокчейн жобаларын таныстырады

  • 588
  • UPD: 12:05, 14.05.2018

Астана экономикалық форумының басталуына азғантай уақыт қалды.

Әлемді алаңдатқан мәселелер төңірегінде ой бөлісіп, тығырықтан жол іздейтіндер талқыға салатын тақырыптар сан алуан. Мысалы, қазір криптовалютаға қатысты сөз көп. Сол сияқты экономикалық санкциялар қыспаққа алғанда ғылыми ойларды дамытудың жолдары қандай?  Табыс кілтін кім біледі деп келетін келелі ойларға төрін ұсынатын форум қазақстандық сарапшылардың да ой өрбітуіне мүмкіндік береді. «Инновациялық технологиялар паркі» жеке кластерлік қор директорының орынбасары Асқар Сембиннің айтуынша, Астана экономикалық форумы келелі кеңес алаңына айналуы тиіс. Қазіргі уақытта кластерлік қор мамандары форумға қызу дайындалып жатыр. Олар форумның «Жаңа ақша» секциясында блокчейн технологиясын қолдану арқылы жаңадан жасалған жобаларын таныстырады.

Асқар Сембин, «Инновациялық технологиялар паркі» ЖКҚ бас директорының орынбасары:

- Бұл жоба қаржы министрлігімен бірлесіп жасалды. Ол блокчейнге негізделген қосымша құн салығын есептеу жүйесі. Егер ашықтық пен салық түсімі көлемін арттыра алсақ, оң нәтиже триллион теңге жетеді деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы