424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АЭФ: Ақ халатты абзал жанның орнын робот алмастыра алмайды

  • 799
  • UPD: 16:11, 14.05.2018

Жасанды интеллект дәрігерді қалай алмастырады? Бұл мәселе Астана экономикалық форумында талқыланбақ.

Жиында осы тақырып бойынша сөз алатын Назарбаев Университетінің Медицина бойынша вице-президенті Массимо Пиньятелли пікірінше, жасанды интеллект дәрігерлердің орнын алмастыра алмайды.

Массимо Пиньятелли, Н.Назарбаев университетінің медицина бойынша вице-президенті:

- Жасанды интеллект - дәрігердің жұмысын жеңілдететін көмекші құрал. Дегенмен, маманды алмастыра алмайды. Өйкені медицина саласында сапалы қызмет көрсетумен қатар, кәсіби біліктілік, науқаспен сөйлесіп, жан дүнйесіне үңілу, сұрақ қойып, сауалдарына жауап беру маңызды. Емделуге келген адам өзіне ерекше назар аударғанды қалайды. Сондықтан робот емес, адам қарағанын қалайды. Әрине егер жасанды интеллекті дұрыс бағытта, тиімді пайдалантын болсақ дәрігерлердің жұмысын жеңілдетуге және дамытуға мүмкіндігіміз мол.

Хабар 24 телеарнасы