423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теңізге тікелей шыға алмайтын елдер АЭФ аясында жиын өткізді

  • 3869
  • UPD: 18:43, 16.05.2018

Теңізге тікелей шыға алмайтын мемлекеттер тасымалды жеңілдетудің жаңа жолдарын іздейді.

Астана экономикалық форумының аясында осы бағыттты көздеген конференция өтті. Шараға әлемнің 30 елінен және халықаралық ұйымдардан жүздеген делегат қатысып жатыр.

Сарапшылардың айтуынша, жаһанда жүріп жатқан тауар айналымының басым бөлігі теңіз жолдары арқылы өтеді. Ал Қазақстан сынды 48 мемлекеттің теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан тасымалдың өзге түрлерін жетілдіруге мүдделі. Елімізде соңғы он жылда лигистикалық инфрақұрылымды дамыту үшін 30 миллиард доллар инвестиция құйылды. 2 жарым мың километр шойын жол салынды. 6 мың киломтерден астам тас жол жағартылды. Сондай-ақ Каспий портындағы қуаты орташа есеппен 23 миллион тоннаға жеткен. Әуе қатынасын жақсарту үшін 15 әуежай жөндеуден өтіп жаңадан жарақталды.

Әсет Асавбаев, Инвестициялар және даму министрлігі көлік комитетінің төрағасы:

- Еуразиялық экономикалық одақ аясында біз атқарып жатқан жұмыстардың маңызы зор. Одақ тауардың бағасына әсер ететін кейбір үдерістерді жеңілдетуге мүмкіндік беріп отыр. Теңізге тікелей шығатын мемлекеттерде бір контейнерді тасымалдаудың өзіндік құны 1000 долларды құраса, ондай мүмкіндігі жоқ біздерге екі есе қымбатқа түседі.

Хабар 24 телеарнасы