389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АЭФ қонақтары ЖОО студенттерімен қызықты кездесулер өткізеді

  • 410
  • UPD: 18:41, 16.05.2018

Астана экономикалық форумында әлемге әйгілі  сарапшылар студенттерге дәріс оқиды. Олар Елордадағы жетекші жоғары оқу орындарында болып, жастармен  кездеседі.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов хабарлады. Оның айтуынша, жиын студенттер үшін  аса қызықты болмақ. Министр бұл шараға  бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан да белсенділік жоғары дейді.  Форумнан  мыңға тарта тілші ақпарат таратады. Олардың жүзден астамы шетелдік журналистер. Биыл басқосу бағдарламасының ауқымы кеңейді.  Экономикалық және қаржылық салада  баяндама жасайтындар саны артты. Жиында панельдік сессиялар мен  лекциялардан өзге де іс шаралар жоспарланған.  Атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында теңізге шыға алмайтын елдер делегацияларының конференциясы, Орталық Азия аймағындағы барлық орталық банк өкілдері мен  фискалдық органдардың кездесуі өткізілмек.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Форум өтетін 3 күнде ауқымды іс шаралар жоспарланған. Ондағы бағдарлама жан-жақты. Тақырыптар да салмақты. Форум барысында екі жақты, көпжақты кездесулер, панельдік сессиялар және басқа да көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады. Мұндай кездесулер байланысты арттырып, тиімді келісім шарт жасауға мүмкіндік береді. Біз елімізді болашақта  қалай көргіміз келеді? Міне мәселе осында. Сондықтан қазірден бастап  қаржылық, экономикалық негізі берік қаланған, болашаққа нық сеніммен қадам басқан дамушы елді көрсетуіміз тиіс.

Хабар 24 телеарнасы