422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада күн электр станциясы іске қосылады

  • 605
  • UPD: 17:56, 17.05.2018

Келесі жылы Қызылордада «Байқоңыр Solar» күн электр станциясы іске қосылуы тиіс.

Жобаны жүзеге асыруға Еуразиялық қайта құру және даму банкі 30 млн, ал Азия даму банкі 11 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы бөліп отыр. Бұл туралы Астана экономикалық форумы барысында өткен брифингте Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қуаттылығы 55 мегаваттық станция іске қосылса, аймақ энергиямен толықтай қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ Назарбаев интеллектуалды мектептерін күн панельдерімен қамту мақсатында шетелдік компаниямен меморандум жасалды. Алдымен Астана және Алматы, одан кейін басқа аймақтардағы мектептерде заманауи технология енгізілмек. «Осылайша оқушылар «жасыл энергетика» бағытын жете түсініп, болашақта атаулы салаға өзіндік үлес қосуға талпыныс жасайды», – дейді министр.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

– «Жасыл энергетика» туралы айтып берейін. Қазірдің өзінде Қазақстанда 56 жоба іске қосылған. 360 мегаваттай қуаттылығы қазір. Жыл соңына дейін 9 жоба іске қосылмақ. Баламалы энергетика көздерінің жалпы қуаттылығы 500 мегаватқа жетеді деп күтілуде. Былай айтқанда, 1,5 есеге өсуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы