420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2040 жылға қарай электр қуатының 60%-ы күн мен желден өндірілмек

  • 872
  • UPD: 00:15, 18.05.2018

2040 жылға қарай электр қуатының 60 пайызы жаңартылған энергия көзінен алынады.

Атап айтқанда, оның жартысына жуығы күн мен желден өндірілмек. Мұндай болжамды халықаралық энергетикалық агенттігі ұсынып отыр. Әлемдік энерго тепе-теңдіктің өзгеруі мұнай газ секторындағы компанияларды энергетикаға инвестиция құюға және венчурлық қорлар құруға  жетеледі. Осы саланың өнеркәсіп орындары болашақта қалай жұмыс істейді? Дәл осы мәселе таза энергия дәуірінде мұнай-газ компанияларының стратегиялық дамуы туралы панельдік пікірталас алаңында талқыланды. Дүние жүзі тұтынатын қуаттың 85 пайызы мұнай мен газдан және көмір арқылы алынады. Мұнай мен газға, уран мен көмірге бай Қазақстан да «жасыл экономиканы» толық қуаттайды.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетка министрінің орынбасары:

– Біздің жоспар бойынша баламалы энергетика көздерінен алынатын қуат көзі көрсеткішін 2020 жылы 3%, ал 2030 жылы 10%, 2050 жылы 50%-ға жеткізсек деген жоспарымыз бар. Біз бұл бағытта қарқынды жұмыс істеп жатырмыз. Соның есебінен электр энергиясын арзандату да көзделіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы