383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АЭФ: Елбасы атаған бес мегатрендтің артықшылықтары

  • 297
  • UPD: 07:42, 18.05.2018

Жағрапия жағынан жаһандық сипатқа ие болған ауқымды шарада әлемнің 111 елінен 5 мыңнан аса сақа сарапшылар мен сарабдал саясаткерлер бас қосты.

Кешегі келелі жиынға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы қатысып, басты 5 бағытқа баса назар аударды. Елбасы атап өткен бес мегатрендтің белдісі – қоғамды цифрландыру. Жаһан көшінен қалмас үшін еліміз «Цифрлық Қазақстан» жобасын қолға алды. Нәтижесінде халықтың цифрлық сауаттылығы 85 пайызға артып, өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігі 1 жарым есеге ұлғайды. Нұрсұлтан Назарбаев осыған мән бере келе екінші тренд ретінде энергетикалық революцияны атады. Бұл ретте еліміз ЭКСПО көрмесін өткізіп, баламалы қуат көздерін дамытып жатыр. 2030 жылға дейін энергетикалық баланстағы жаңартылған энергияның үлесі 30 пайызға жетуі тиіс. Өз сөзінде Президент азық-түлік өндірісін ұлғайтуға да айрықша мән берді. Мемлекет басшысы айқындаған төртінші мегатренд – ғаламдық еңбек нарығын трансформациялау. Сондай-ақ Елбасы урбанизация мәселесіне де мән берді. БҰҰ-ның мәліметінше, 2050 жылға дейін әлемде 7 млрд адам қалаларда тұратын болады. Сол кезде ірі мегаполистер арасында бәсекелестік туындайды. Президент бұл мәселені жұмыла шешу керектігін айта келе әлем халықтарының бір-бірімен пікір алмасуына мүмкіндік беретін G-global үнқатысу алаңына баса назар аударды.

Хабар 24 телеарнасы