420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада 2018 жылы жасыл экономиканы қаржыландыратын орталық ашылады

  • 659
  • UPD: 07:53, 18.05.2018

Астанада ағымдағы жылдың аяғына таман жасыл экономиканы қаржыландыратын орталық ашылатын болды.

Бұл туралы елордада өтіп жатқан форумның пікірталас алаңында «Астана» xалықаралық қаржы орталығының департамент директоры Әсел Нұраxметова айтты. Орталық ластанған экологияны жақсарту мақсатында инвестиция тартумен айналыспақ. Басты мақсат – әлемдік деңгейге жету. Дәл қазір құзырлы мекеме білікті мамандарды дайындаумен және инвесторлар тартумен айналысып жатыр. Жиын барысында бұл салаға қаржы құюға ниеттілер көп екені белгілі болды. Сондай-ақ мамандар жасыл экономиканың пайдасы мен тиімділігі мол бизнес түрі екеніне де ерекше тоқталды. Әлем бойынша саланы қаржыландыру жыл сайын 30-50 пайызға дейін артып келеді. Алдын ала болжамға сенсек, алдағы 10 жылда жасыл экономиканы дамыту үшін ондаған триллион АҚШ доллары керек. Бұл – жер шары жыл санап ластана түседі деген сөз. Мамандар ол үшін жеке кәсіпкерлерді де тартып, салаға тиісінше қаржы тарту қажеттігін айтты. Ал ол үшін пайдасы мен маңызы жоғары жобалар таңдалуы керек.

Виктор Коваленко, Орталық Азия елдерінің таза технологияны даму бойынша аймақтық бөлім басшысы:

- Қазақстан да басқа елдер сияқты вакуумда өмір сүрмейді. Мәселен, көрші Қытайда ауаға қауіпті газ таралса, ол Қазақстанға да жетеді. «Астана» xалықаралық қаржы орталығы осындай мәселелерді шешуге талпынып жүрген көрінеді. Менің ойымша, Қазақстан жасыл экономика саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізеді.

Хабар 24 телеарнасы