419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Болашақтың мұрасына мұқият болу керек

  • 708
  • UPD: 07:54, 18.05.2018

Бүгінде жер бетінде бір ғана мемлекет шеше алмайтын бүкіл адамзат баласына ортақ бірнеше мәселе бар.

Олар – жаһандық жылыну, ресурстарды дұрыс пайдаланбау және планетаның тазалығы, халықаралық сауда және қауіпсіздік. Форумда болашағымызды бұлыңғыр ететін осы түйткілдердің түйінін шешу жолдары талқыланды. Сарапшылардың айтуынша, қалдықтарды жоюдың бұрынғы тәсілдері жаңа жағдайға сай келмейді. Егер бұл туралы ортақ мәмілеге келіп, жұмыла әрекет етпесек, онда адамзат баласы теңіздер мен атмосфераны қалай тазартпақ? Тазарту жұмыстарының шығынын кім көтереді? Ластанудың зардабы кімдерге тиеді? Бүгінде одан туындайтын кері әсерлерді кез келген жерден байқауға болады. Бірақ жағдайды бақылауға алып, дұрыс жол табуға ешкім құлықты емес. Өйткені қыруар қаржы қажет. World Future Council негізін қалаушы Херберт Жирардэнің айтуынша, мәселені шешудің жалғыз жолы – жасыл экономикаға көшу. Бұл тұста Қазақстанның желден энергия алатын винтиляторлар арқылы баламалы қуат көзіне көшуге мүмкіндігі мол.

Херберт Жирардэ, World Future Council негізін қалаушы:

- Мемлекеттердің халықаралық келісімдерді орындауға өз еркімен атсалысқаны үлгі боларлық іс. Өйткені бүгінде мұхит суларының деңгейі көтеріліп келеді. Экожүйе бұзылған. Тұрғындар әлі де табиғи байлықтарды қолданудан бас тартуға асығар емес. Біз болашақ ұрпаққа қалдыратын мұраны қалай болса солай пайдаланып жатырмыз. Осы тұста Қазақстан мен Әбу-Дабиді атап өткім келеді. Бұл мемлекеттер табысының басым бөлігін табиғи ресурстардан алғанымен, жасыл энергияға көшуге үлкен мəн беріп жатыр. Баламалы қуат көздерін қолдануды қалаған кəсіпорындарға қолдау көрсету қажет. Өйткені бұл жаңа жұмыс орындарын ашады.

Хабар 24 телеарнасы