429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Криптовалюта: бүгінгі көзқарас

  • 611
  • UPD: 08:19, 18.05.2018

Цифрлық валютаны жаңа пайдалана бастаған Қазақстанның мүмкіндігі зор.

Мұндай пікірді «Криптовалюта миллиардерлері – келешектің қалаулылары» атты пікірталас алаңында шетелдік криптовалюта компания басқармасының төрағасы Маттиа Раттаджи айтты. Оның пікірінше, әлемдік тәжірибені пайдалана отырып жаңадан бастаған іс нәтижелі болмақ. Ол үшін әуел баста криптовалютаны дұрыс бағытта дамытатын заң қабылдау керек. Сонымен қатар жиын барысында цифрлық төлемнің қауіпсіздігіне көп көңіл бөлінді. Себебі бұл сала – хаккерлердің ұдайы шабуыл жасайтын алаңның бірі. Мамандар жақында Жапонияда болған киберқылмысты мысалға келтіріп, мәселенің шешу жолдарына тоқталды. 

Маттиа Раттаджи, криптовалюта компаниясы басқармасының төрағасы:

- Мен мұндай пікір алмасу жиындарында жиі боламын. Бүгін криптовалютаға қатысты бірқатар мәселенің бетін аштық. Менің ойымша, әлемді толғандырып отырған қауіпсіздік мәселесі келешекте шешімін табады. Ал Қазақстан осы тәжірибеден сабақ ала отырып, жаңа технологиялардың көмегімен мықты орта қалыптастырады.

Хабар 24 телеарнасы