418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде робот-медбикелер пайда болуы мүмкін

  • 771
  • UPD: 09:48, 18.05.2018

Осы саладағы соңғы технологиялар алдағы шілде айында елордада таныстырылады.

Бұл жөнінде Астана экономикалық форумында белгілі болды. Бұнда әлем сарапшылары «жасанды интелект дәрігерді алмастыруы мүмкін бе?» деген мәселе талқыланған болатын. Өйткені жыл сайын роботтардың қолданысқа енуімен мыңдаған адам жұмыссыз қалып жатыр. Ал 2030 жылға дейін бұл көрсеткіш 800 мыңға жетуі мүмкін. Бірақ көпшілік мамандар дәрігердің қызметін құлтемірдің алмастыруы екіталай дейді.

Олжас Әбішев, республикалық денсаулық сақтау орталығының директоры:

- Қазіргі технологиялар, келешектегі технологиялар ешқашан да дәрігерді алмастырмайды. Бірақ дәрігерге көмектесе алады. Бүгін Денсаулық сақтау министрінің жобасы бойынша, әлемдегі жақсы тәжірибелерді ала отырып, өз елімізде ендірейін деп жатырмыз. Негізгі мақсат – дүниежүзіндегі жасанды интеллект жетістіктерін енгізу.

Хабар 24 телеарнасы