423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АЭФ: «Мәңгілік қазірден басталады»

  • 581
  • UPD: 12:06, 18.05.2018

Ерте ме, кеш пе, адамның өмір сүру жасы ұзарады.

Қазірдің өзінде мамандар адам ағзасының бір бөлігін алып 3D принтер арқылы одан жаңа ағза жасай алады. Өз ағзасының бөлшегі болғандықтан, ол трансплантациядан кейін тез қалыпқа келеді. Бұл тұрғыда ынтымақтастықтың қандай формалары тиімді болады? Бұл тақырып Астана экономикалық форумы аясында «Мәңгілік қазірден басталады» тақырыбындағы пікірталаста талқыланды. Мәліметтерге қарағанда, қазірдің өзінде әлем бойынша 65 жастан асқандардың саны күннен-күнге артуда. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш екі еселенеді деген болжам бар. Қазақстанда да халық денсаулығын жақсартуға үлкен мән беріліп келеді. 2006 жылы елімізде орташа өмір сүру жасы 66 болса, 2016 жылы 72-ге жетті.

Энтони Атала, Ргенерациялық медицина институтының директоры:

- Қазір біздің мамандарымыз ойлап тапқан жаңа құрылғылар жалпақ жұртқа қолжетімді болса екен дейміз. Тың тәсілдер шыққан сайын олардың бағасы арзандайды. Бұл үдерісті жылдамдату үшін автоматтандырып жатырмыз. Бұрын бәрін қолмен жасайтын едік. Бұл баяу әрекет.

Хабар 24 телеарнасы