384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АЭФ 2018: 5 жаһандық тренд

  • 452
  • UPD: 14:41, 18.05.2018

ХІ Астана экономикалық форумы алаңында Нұрсұлтан Назарбаевтың атаған ғаламдық үдерістерді дамытудың 5 бірдей тренді саммиттің бүгінгі пікірталастарына арқау болып отыр.

Олар: барлық саланы цифрландыру, баламалы әрі экологиялық таза қуат көздерін көбейту, халық санын ұлғайту қарқынын өзгерту, урбанизация арқылы ірі қалаларды дамыту және жаһандық еңбек нарығын роботтандыру.

Илейн Конкиевич, «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының Қазақстандағы өкілі:

- Қазақстан әлемнің 30 озық елдің қатарынан көріну мақсатын қойып отыр. Бұл – керемет бастама. Алайда мемлекет дамуына әйелдердің қосар үлесі ерекше. Экономика мен саясат сынды салаларға әйел заты араласпай, мақсатқа қол жеткізу күрделене түспек. Сондықтан кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтпақшы, әлемде әйелдердің рөлін арттыру керек.

Арман Қашқынбеков, Халықаралық жасыл технологиялар және инвест-жобалар орталығы төрағасының орынбасары:

- Баламалы қуат көздері мен жасыл энергетика Қазақстанға сән үшін емес, керісінше, энергия станцияларын кезең-кезеңмен азайту үшін қажет.

Хабар 24 телеарнасы