423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Франция инновациялық технологияларды бірлесе жүзеге асырмақ

  • 553
  • UPD: 15:50, 18.05.2018

Астана экономикалық форумы аясында «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры Францияның сараптау институтымен келісім жасасып, маңызды құжатқа қол қойылды.

Енді тараптар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тың технологияларды сан салаға енгізбек. Оның ішінде «Astana Hub» халықаралық технопаркін дамыту көзделіп отыр. «Инновациялық мүмкіндіктер адам өмірінің барлық аспектілерін қамтиді», – дейді сарапшылар.

Санжар Кеттебеков, «ИТП» АКҚ бас директоры:

- Біріншіден, әрине, барлық цифрлық технологияға басымдық береміз. Тың үрдістерді Ұлы Жібек жолына енгізу керек. Адамдар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады. Бұл екі елдің корпоративтік секторларын жақындатуға ықпал етеді.

Паскаль Лоро, Institut Choiseul президенті:

- Мен екі ел өзара әріптестік орнатып, тығыз жұмыс істейді деген үміттемін. Қазір Қазақстан инновациялық технологияларға көп көңіл бөліп жатыр. Бұл дамудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Сондықтан оның маңызы өте зор.

Хабар 24 телеарнасы