429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Джонатан Вотцель: Бес мегатренд әлем экономикасының дамуына ықпал етеді

  • 567
  • UPD: 17:28, 18.05.2018
<span class=favorites>Джонатан Вотцель: Бес мегатренд әлем экономикасының дамуына ықпал етеді</span> McKinsey

Жаһанды алаңдатқан мәселелер осымен екінші күн бас қалада талқылануда.

Бұл іскерлік алаң жер шарындағы шиеленіскен геосаяси жағдайды, климаттық өзгерістерді, лаңкестік қауіп пен көші-қон проблемаларын бір арнаға тоғыстырып, ортақ шешім қабылдауға жол ашады. Форумның алғашқы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ғаламдық үдерістерді дамытудың 5 бірдей мегатрендін атап көрсеткен болатын.

Осы орайда форумға қатысып жатқан McKinsey&Company директоры Джонатан Вотцель даму мегатрендтері бойынша Қазақстанның перспективалары туралы пікір білдірді.

«Менің ойымша, 5 мегатренд бір-бірімен тығыз байланыста. Мұның артында үлкен ой жатыр. Олар әлемдік экономиканың дамуына, экологияның сақталуына ықпал етеді. Қазір әлемде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан да глобальды экономиканың дамуын қолдап отыр. Орталық Азияда орналасқан елдер қарқынды дамуда. Қазақстанның да орналасқан орны өте жақсы. Бізге дұрыс жоспар құру керек. Мүмкіндіктерді жіберіп алмау үшін технологияны дұрыс қолданып, инвестиция жасауымыз қажет. Астанада өтіп жатқан форум – дұрыс қадамдардың бірі», – деді Вотцель «Хабар 24» телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында.

Джонатан Вотцель – McKinsey&Company директоры, Азиядағы бүкіләлемдік интситутының директоры, компанияның әлемнің 40 өңірімен жұмыс атқаруын қадағалайды. Астана экономикалық форумының спикері.

Хабар 24 телеарнасы