418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АЭФ: Мегаполисті қалай құруға болады?

  • 510
  • UPD: 19:59, 18.05.2018

XXI ғасырда адамзаттың тіршілігі үшін жайлы мегаполисті қалай құруға болады?

Осы сұраққа бүгін «Нөлден» қала тұрғызу» атты жиынға қатысқан спикерлер жауап беріп, ойларын ортаға салды. Қалалар менеджменті мен дизайны саласында үлкен тәжірибесі мамандар пікір бөлісті. Әлемдегі ең үздік қалалар қатарына енген Ванкувердегі Олимпиада ауылының дизайнына жауапты болған білікті маман Роджер Бэйли ірі қалалардың экожүйесін сақтауға шақырды. Оның айтуынша, болашақ қалалар бірінші кезекте экологиялық тұрғыдан таза болып, барлық жастағы адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы болуы керек.

Роджер Бэйли, Roger Bayley Inc президенті:

СО2 қалдығының ауаға таралуын азайту керек. Ол үшін көпшілікке қолайлы экологиялық таза көліктерді қолдану қажет. Жаяу, велосипедпен, қоғамдық көлікпен және жеке көлігімен жүретін азаматтардың санына қатысты тепе-теңдік орнауы тиіс. Сонда ғана көлік кептелісі азайып, қоршаған ортаны қорғау жеңілдей түспек.

Хабар 24 телеарнасы