418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Atlas Biomed Group директоры: Білікті дәрігерлердің қызметін роботтар алмастыра алмайды

  • 580
  • UPD: 19:57, 18.05.2018

Білікті дәрігерлердің қызметін роботтар алмастыра алмайды.

Олар тек қана ақ халаттыларға көмек көрсетеді. Астана экономикалық форумындағы брифинг барысында Atlas Biomed Group-тың медициналық директоры Андрей Перфильев осылай деді. Бүгінде хирургия және урология салаларында роботтар белгіленген тапсырмаларды орындап жүр. Осылайша кей аймақтардағы маман тапшылығы мәселесі шешімін тапты. Алайда қазір генетикалық зерттеулер бағытында қызмет ететін азаматтар қатары өте аз. «Түйткілді мәселенің шешімін табу үшін жастармен, оқу орындарының басшыларымен бірлесіп жұмыс атқарған жөн», – дейді ресейлік сарапшы.

Андрей Перфильев, Atlas Biomed Group директоры:

– Мен кеше Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі қатысқан жиында болдым. Өзім үшін қызықты әрі жаңа мәліметтермен таныстым. Сандық технологияның денсаулық сақтау бағытында енгізілуі заман талаптарына сай деп ойлаймын. Ел ішінде жүзеге асып жатқан жобалар бұл саланың ілгері басуына айтарлықтай септігін тигізеріне сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы