Астана экономикалық форумының екінші күні жемісті болды.
Алқалы жиынның бағдарламасы бойынша 20-дан астам іс-шара ұйымдастырылды. Мұнда адамзат алдында тұрған бес негізгі қауіп-қатерді шешу жолдары талқыланды. Олардың ішінде жаһандық қауіпсіздік, жаңа адамның әлемі, қалалар ғаламы, цифрлық әлем және сингулярлық ғалам бар. Қатысушылар сан түрлі форматта осы сұрақтардың төңірегінде әңгіме өрбітті. Мысалы, олар 100 жылдан кейін адамдар немен айналысады, жасанды интеллект пен роботтар өмірдің барлық саласына қашан толықтай енеді деген сауалдарға жауап іздеді.