417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: АЭФ-те Қазақстан Президенті өте өзекті мәселелерді ортаға салды

  • 520
  • UPD: 22:46, 18.05.2018

Астана экономикалық форумында Қазақстан Президенті адамзат баласының келешегі үшін өте өзекті мәселелерді ортаға салды.

Соның ішінде азық-түліктің тапшылығы, судың жетіспеушілігі, киберқауіпсіздік сияқты аса маңызды салалардағы ой пікірімен бөлісті. «Меніңше, осындай үлкен алаңдарда әлем сарапшылары өзара талқы жасап, проблеманы шешудің жолдарын қарастыру қажет», – дейді қытайлық сарапшы Чжао Хуэйжун. Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны зерттеу институты қызметкерінің ойынша, қазақ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев стратегиялық аса маңызды салаларда әлем елдерінің өзара әрекет етуі мен байланыс орнатуы бойынша оң ұсыныстар жасады.

Чжао Хуэйжун, Ресей, Шығыс Европа және Орталық Азияны зерттеу институтының сарапшысы:

– Қазақстан Президенті АЭФ өте өзекті мәселелерді көтерді. Мәселен, азық-түлік пен су жетіспеушілігі, киберқауіпсіздік сияқты маңызды салаларда ұтымды ұсыныстар айтты. Нұрсұлтан Назарбаев – ғаламдық ой өрісі терең саясаткер. Астана форумында оның көтерген ауқымды тақырыптарынан-ақ Қазақстанның ғаламдық мәселелерге бейжай қарамайтынын, халықаралық қарым-қатынаста өзара ынтымақтасты нығайту жөніндегі көрегендігін байқаймыз.

Хабар 24 телеарнасы