431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Экономикалық интеграция цифрландыруға тәуелді

  • 1368
  • UPD: 22:46, 18.05.2018

Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана экономикалық форумында айтқан адам қызметінің барлық аспектілерін, соның ішінде экономиканы цифрландыру экономикалық интеграцияға сеп болады.

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қатысушы елдер экономиканы цифрландыру процесіне қаншалықты тез қосылса, еуразиялық интеграцияның тиімділігі соған байланысты болмақ деп есептейді Еуразиялық даму банкінің бас маманы Ярослав Лисоволик.

Ярослав Лисоволик, Еуразиялық даму банкінің бас маманы:

– Цифрлық экономиканы дамытудың цифрландыру процесі мен басымдықтары еуразиялық өңірдің жекелеген мемлекеттерінің контекстінде ғана емес, бүкіл Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жүреді. Бірыңғай цифрлық платформаны құру үшін ортақ процестерді дамыту тұрғысында ауқымды күн тәртібі ұсынылып отыр. Цифрлық экономика ЕАЭО елдері үшін жоғары технологиялық деңгейде интеграциялық процестердің қозғалтқыштарының бірі болмақ. Астана қаржы интеграциясының алаңы ретінде экономикалық интеграция үшін өте маңызды және оның болашағы зор.

Хабар 24 телеарнасы