418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем халқының жартысынан астамы қалаларда өмір сүреді

  • 526
  • UPD: 22:54, 18.05.2018

Бүгінде әлем халқының жартысынан астамы қалаларды мекендейді.

Ал алдағы 30 жылда бұл көрсеткіш айтарлықтай арта түседі. Астана экономикалық форумына жиналған ғалымдардың пікірі осыған саяды. «Болашақ қала экономикасы» деп аталатын панельдік пікірталасқа да осы тақырып арқау болды. Сондай-ақ жиында Астананың әлеуеті де сөз болды. Шетелдік мамандар мен отандық сарапшылар елордадағы ақпараттық технологияларды талқылап, онлайн-төлем жүйесіне де тоқталды.

Юлия Якупбаева, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы Кеңесі төрағасының міндетін атқарушы:

Қазақстанда алғашқы интернет-банкинг 2001 жылы пайда болды. Ол кезде елімізде кең жолақты интернет деген болмады. Ал онлайн-сақтандыру полисқа қолымыз тек осы жылы ғана жетеді. Яғни 17 жылдан кейін. Технология қарқынды дамып келеді. Сондықтан заман көшінен қалмауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы