389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АЭФ: адамзат және жасанды интеллект

  • 1101
  • UPD: 07:44, 19.05.2018

Ғылымның жетістігі қиялдан да асып кетті. Өркениет бұдан ұта ма, ұтыла ма?

Жаһанға ортақ өзекті мәселе Астана экономикалық форумында талқыға түсті. «Сананы жүктеу және жасанды зерде. Жаңа респектеушінің этикалық және саяси аспектілері» атты панельдік пікірталаста әлем ғалымдары өз ойларын ортаға салды. Олардың болжауынша, келешекте жұмыстың 40-50 пайызын роботтар атқарады. Сондай-ақ жаңа қызмет түрлері де пайда болуы ықтимал. Жасанды зерде цифрлық технология ғаламтор тұрмысты жеңілдеткенімен сын-қатерлер әкелуі де мүмкін екен.

Павел Лукша, Сколково Мәскеу басқару мектебінің практика профессоры:

- Қазір 1-2 жасар сәбилерді «айпад» тәрбиелеп жатыр. Оларды бүгінгі «мауглилер» десек те болады. Жаңа технологиялар зейіннің нашарлауына, қимыл-қозғалыстың азаюына әкеп соқтырады, танымды төмендетеді. Біз барлық іс-әрекетті цифрлы технологияларға жүктеп қойдық. Осының бәріне кім жауапты, кім бақылайды?

Хабар 24 телеарнасы