378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АЭФ-те жаһан жұртының экомобильдерді қолдану жолдары қарастырылды

  • 436
  • UPD: 08:03, 19.05.2018

Әлемдегі он адамның тоғызы ластанған ауамен тыныс алады. Салдарынан жыл сайын 7 миллионға жуық тұрғын уақытынан бұрын көз жұмады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жантүршігерлік көрсеткіштері Астанадағы халықаралық форумда талқыланды. Жан-жақтан жиналған мамандар тығырықтан шығудың жолдарын қарастырды. Оның ішінде экомобильдер қолданысын кеңейту мәселесіне басымдық берілді. 

Болат Есекен, сарапшы:

- Электрлі көліктер экологияға қатысты біраз мәселені шешіп бере алады. Ол үшін үкімет тарапынан ынталандыру тетіктері болуы керек. Мысалы, басқа елдерде оны сатып алуда белгілі бір жеңілдіктер жасалады не салықтан босатады. Бізде де осы бастамалар қолға алынса деймін. Өйткені, қазір Қазақстан қалаларында ауаның ластану деңгейі артып келеді.

Хабар 24 телеарнасы