389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Е.Тұрсынов: Өнер туындысын арнайы эффектілер көмегімен түсірілген киномен шатастырмау керек

  • 824
  • UPD: 14:18, 19.05.2018

Кино өндірісінде заманауи технологиялардың қолданылуы шынайылықтың сақталуына кері әсерін тигізбеуі тиіс.

Отандық танымал режиссер Ермек Тұрсыновтың айтуынша, әлемдік аламанда бақ сынаған қазақ киносы бүгінде экшн жанрына бейімделген. Десе де, киноның шығармашылық туынды екендігін естен шығармаған жөн. Ұлттық нақышы және тәрбиелік мәні бар сюжеттер ғана өнер туындысы деген атаққа лайық. Режиссер осылай дейді.

Ермек Тұрсынов, режиссер:

- Қазір кез келген адам дүкенге барып, камера сатып ала алады. Осылайша жеке киносын түсіріп, ғаламторға жүктейді. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Көрермен шынайы өнер туындысы немесе заманауи технология көмегімен жасалған киноның айырмашылығын түсінбей шатасып жүр. Осыдан келіп саланың кәсіби көрсеткіші төмендейді.

Хабар 24 телеарнасы