387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италиялық сәулетші: Қаланы ішкі мүмкіндіктерді пайдалана отырып та дамытуға болады

  • 901
  • UPD: 19:00, 19.05.2018

Урбанизация – адамзат үшін өзекті мәселенің бірі.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумында осы қала халқының өсуін жаһандық үрдіс ішіндегі маңызды мәселенің бірі деп атап өтті. Италиялық сәулетші Вальтер Макки де бұл мәселенің көптеген елді алаңдатып отырғанын айтады. Қазақстанда алғаш рет Ақтау қаласы үшін smart-city жобасын дайындаған италиялық маман урбанизациядан төнген қауіпке тоқталып, қалалар шаруа жерлерінің есебінен емес, жоғары қарай өсуі керек екенін айтады. Ал егіндік пен жайылымдық жерлер азық-түлік дайындау үшін қажет екенін алға тартады.

Вальтер Макки, сәулетші, BM STUDIO  компаниясының техникалық директоры:

- Қаланы жаңа жер телімдерін игеру есебінен ғана емес, ішкі мүмкіндіктерді пайдалана отырып та дамытуға болады. Сонда тығыз даму деп нені айтамыз? Біз, ерте ме, кеш пе, өз үйімізде күрделі жөндеу өткізгіміз келеді ғой. Міне, осы кезде жаңадан құрылыс жүргізілсе ше, енді 100 емес, 400 отбасын сыйғызуға мүмкіндік туатын биік үй салуға болады. Екіншіден, энергияны пайдалануды азайту мақсатынан шығады. Себебі ескі құрылыстар бұл мәселені шешуге мүмкіндік бермейді.

Хабар 24 телеарнасы