387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Неміс сарапшысы: ҚР Президенті атап өткен 5 үрдіс қазіргі таңда өте маңызды

  • 851
  • UPD: 18:10, 19.05.2018

Неміс сарапшылары Президент Нұрсұлтан Назарбаев атаған 5 мегатрендке көрегендік деп баға беріп жатыр.

Біздің өркениетіміздің алдында тұрған жаһандық сын-қатерлерге тоқталған неміс сарапшысы Фритьев фон Норденскельдт бұл 5 мегаүрдістің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, Президент Назарбаев көтерген мәселелердің көбі Германияда да күн тәртібінде тұр.

Фритьев фон Норденскельдт, ГФР-дің Франциядағы елшісі /2001-2004/:

- Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы форумда жаһандық сын-қатерлерге тоқталды. Меніңше, ол атап өткен 5 үрдіс қазіргі таңда өте маңызды. Мысалы, цифрландыру Германияда да өзекті. Барлық салада жаңарту жүргізілуі тиіс. Бұл туралы Қазақстан Президенті нақты айтты. Көптеген жұмыс орындары қысқарып қалуы мүмкін, бірақ жаңа мамандықтар пайда болады. Сондықтан осы процесті басқару үшін жаңа ұрпақты үйрету маңызды. Цифрландыру – бұл біздің жүзжылдықта әлемді өзгертетін бағыт. Болашақта ғаламшарымызда халық саны артып, мегақалалар дамып, ресурс тапшылығына, әсіресе, ауызсу тапшылығына ұшырауы әбден мүмкін. Сондықтан бұл мәселелерді қазірден бастап ойлауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы