380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


С.Буркхарт: Қаланы салған кезде оның қоршаған ортамен үйлесуін ескерген жөн

  • 537
  • UPD: 11:21, 20.05.2018

Қалаға қоныс аударғандар мен мекендеушілер саны жыл сайын өсіп келеді.

Бұл мәселеге Астана экономикалық форумында Президент Нұрсұлтан Назарбаев тоқталып өткен болатын. Италиялық сәулетші Серджио Буркхарт Елбасы пікіріне қатысты өз ойын айтып, келешекте шаһарлар миллиондаған адамға жайлы әрі қолайлы болуы керек дейді. Және де бұл мәселені смарт технологиялар шеше алатынын алға тартады. Оның пікірінше, мегаполистердің бәсекелесінде смарт қалалар әрқашан озық тұрады. Ал істі неден бастау керек деген сауалға Бурк-харт мынадай көзқарас білдірді.

Серджио Буркхарт, сәулетші:

- Қала смартситиге айналған кезде ең алдымен ғимараттардың орналасуына әрі оның желге, күнге, теңізге және көлге қаншалықты қатысты екені ескерілуі керек. Шаһар жүйелері тұрғындарды мейлінше аз қозғалуға ыңғайландырылуы тиіс. Осыны нақты зерттеп, жақсы түсінгеннен кейін ғана күн энергиясы, жаңбыр суын пайдаланатын құралдарды орналастыруға болады.

Хабар 24 телеарнасы