387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Немістің Бундестагы Қазақстан Президентінің бес жаһандық трендын талқылап жатыр

  • 726
  • UPD: 17:19, 23.05.2018
Немістің Бундестагы Қазақстан Президентінің бес жаһандық трендын талқылап жатыр

Астана экономикалық форумында ұсынған Қазақстан Президентінің бес жаһандық трендын немістің Бундестагы талқылап жатыр.

Парламент мүшесі Андреас Ян арнамызға берген сұхбатында қазақ көшбасшысы ұсынған бастаманың өзекті екендігін айтты. Сарапшының айтуынша, энергетикалық революция ең замануи тренд болмақ. Андрес Ян Қазақстан мен Германияның мақсаты ортақ таза энергия көздеріне көшу екендігіне тоқталды.

Андреас Ян, Бундестаг халықаралық істер жөніндегі комитетінің парламенттік хатшысы:

Біз Германияда болсақ та, Астана экономикалық форумын мұқият бақылап отырдық. Мысалы, спикерлердің арасында Франсуа Олланд болды. Осыдан ақ шараның деңгейін көруге болады. Нұрсұлтан Назарбаев маңызды 5 тренд жайлы атап өтті. Біріншісіцифрландыру. Бұл біздің болашағымызға тікелей қатысты. Германияда бұл сұраққа аса басымдық беріледі. Қазір блокчейн, жүргізусіз автокөлік сынды жасанды интеллект заманында өмір сүріп жатырмыз. Ақырындап өндірістің орнын жаңа сала басады. Сол себепті Президент айтқандай, әрдайым трендте болып, заман ағымынан қалмауымыз керек. Ал ең бастысы сол жаңашылдықты уақытылы енгізу. Баламалы энергия өте өзекті тақырып. Германияның бұл салада тәжірибесі болғандықтан, серіктестігіміз тереңдей түседі деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы