387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


CNN телеарнасының редакторы арнамызға сұхбат берді

  • 930
  • UPD: 17:53, 23.05.2018
CNN телеарнасының редакторы арнамызға сұхбат берді

Алдағы уақытта әлемдегі телеарналардан таратылатын жаңалықтардың форматы өзгереді.

Бұл – уақыт талабы. Бәрі мобильді үлгіге ауысады. Бұл туралы арнамызға сұхбат берген сәтінде CNN телеарнасының өкілі айтты.

Райан Смит, CNN телеарнасының халықаралық жаңалықтар бөлімінің редакторы (Ұлыбритания):

– CNN арнасы мобильді заманға барынша бейімделді. Нәтижесінде көрерменнің шамамен 60 пайызы ақпаратты әлеуметтік желіден алады. Бұл аз емес. Енді олардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында түрлі графикалар салып, желідегі ақпаратты түрлендіруге тырысамыз. Көрермен Алматыда мейлі, әлемнің басқа жерінде болсын, ақпарат ол үшін қолжетімді және түсінікті болуы керек. Дәл осы сәтте цифрлықтан мобильділікке және әлеуметтік желіге көшіп жатырмыз. Телеарна тарататын жаңалықтардың форматы бөлек. Мобильді телефон арқылы берілетін жаңалықтың форматына ұқсамайды. Ендеше біз түрлі тәжірибелер өткізу арқылы жеделдікті меңгеріп, оған бейімделіп жатырмыз.

Қымбатты көрермен, телевизия кеңістігіндегі сан қилы сауалдардың жауабын бүгін біздің арнадан біле аласыз. Сағат 19:20-да арнамыздан шығатын «Сұхбат» бағдарламасын тамашалаңыз. Студия қонағы – CNN телеарнасының халықаралық жаңалықтар бөлімінің редакторы Райан Смит.

Хабар 24 телеарнасы