387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Владимир Решетов: АЭФ секілді ауқымды жиын Еуразия кеңістігінде бұған дейін болмаған

  • 791
  • UPD: 14:03, 24.05.2018

Астана экономикалық форумы – әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері сөз болатын халықаралық пікірталас алаңы.

Мұндай ауқымды жиын Еуразиялық кеңістікте бұған дейін болмаған. Ол Қазақстанды әлемдік аренаға шығарып, инвесторлар қызығатын елге айналдырды деп санайды латыш публицисі Владимир Решетов. 

Владимир Решетов, көсемсөзші:

- Астана экономикалық форумының Орталық Азияда ғана емес, әлем бойынша маңызы зор. Форумның осымен 11-рет өткізіліп отырғаны жиында көтерілген мәселелердің өзекті екенін байқатады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жас ұрпақты тәрбиелеу туралы көтерген мәселесі өткір тақырып болды. Жасампаз ойлауға, ғылым-білімге, экономикаға шығармашылық тәсілді қолданып қазіргі заман мүмкіндіктеріне жастарды дайындау керек. Прогрессивті білім беру мен даму үшін осындай негіз қалау мемлекетке жарқын болашақ сыйлайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы