384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: АЭФ бүкіл адамзаттың даму мәселесін көтерді

  • 543
  • UPD: 18:08, 25.05.2018

Астана экономикалық форумы бүкіл адамзаттың болашақ даму мәселелерін қозғап отырғандықтан жаһандық мәнге ие.

Әзербайжан экономисі Вугар Байрамов: «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көтерген мәселелері өткен форумдармен салыстырғанда биылғы форумды ерекшелендіріп тұр», дей келе: «әлем индустриалды төңкеріс алдында тұр және бүкіл әлем елдері ары қарай не істейтіндерін ойлауы қажет», – деп сөзін түйіндеді.

Вугар Байрамов, экономикалық және әлеуметтік даму орталығының төрағасы:

- Әлем цифрлық экономикаға дайын ба, банк саласын қандай өзгеріс күтіп тұр? Бүгінгі күні дәл осы сұрақтар өте өзекті болып отырғаны белгілі. Қазақстанның Мемлекет басшысы жаһандық деңгейдегі мәселелерді көтеріп отыр. Әлем цифрлық экономикалық өзгерістерге қарай беттеп келеді, сондықтан жасыл энергияға деген сұраныс ұлғая түсері анық. Мұның барлығы өзге салаларда да жалғасын таппақ. Сол себепті Нұрсұлтан Назарбаев әлем елдерін цифрлық бағдарламаларды жүзеге асыруға шақырды.

Хабар 24 телеарнасы