426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Польша ЕХРО-2017 көрмесіне қатысады

  • 766

Польша Астанада өтетін ЕХРО-2017 көрмесіне қатысады.

Елбасының Польшада өтіп жатқан мемлекеттік сапары кезінде тиісті құжатқа қол қойылды. ЕХРО-2017 ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Польша туристік палатасының президенті Павел Невядомскиймен кездесіп, келісімді бекітті. Польша Қазақстанда өтетін халықаралық көрмеге «жасыл» экономика саласындағы ең озық технологиясын әкеліп, өз тәжірибелерімен бөлісуге дайын.

Ахметжан Есімов«Астана ЕХРО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы:

- Біз қазір ЕХРО ұлттық көрмесінің құрылыс жұмыстарын аяқтап қалдық. Алдағы қазан айына дейін халықаралық павильондар пайдалануға беріледі. Біз Польша еліне 400 шаршы метр аумақты дайындап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы