418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕХРО-2017 көрмесіне орай экскурсия жетекшілерінің тегін курстары ашылды

  • 607
ЕХРО-2017 көрмесіне орай экскурсия жетекшілерінің тегін курстары ашылды

ЕХРО-2017 көрмесінің қарсаңында шаһарда экскурсия жетекшілерінің жетіспеушілігі сезілуде. Бұл туралы Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар мәлімдеп отыр. Осы орайда, орталық тегін қайта даярлау курстарын ұйымдастырмақ. Жобаға барлығы 50 адам қабылданады деп жоспарлануда. Бір топта сабақ ағылшын тілінде, екіншісінде қытай тілінде жүргізіледі. Барлық түлектер жұмысқа орналастырылмақ.

Олжас Омар, «Жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры:

- Біріншіден, талап - ағылшын тілін немесе қытай тілін білу және қалалық тіркеуінің болуы. Бізде туризм ассоциациясымен шарт бар. Курс бітіретін азаматтарға тұрақты жұмысқа орналастыруға кепілдік береміз. 

Хабар 24 телеарнасы