384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Экспо-2017» ұлттық компаниясы шетелдік компаниялармен бес келісім-шартқа қол қойды

  • 703

Сөзден іске көшетін уақыт жетті. «Астана Экспо-2017» ұлттық компаниясы әлемнің әр түкпіріндегі 100-ге жуық туроператорды жинап, еліміздің ең көрікті жерлерін аралатты. Бұлардың арасында Жібек жолы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Семиречье сияқты негізгі туристік бағыттар бар. Сәйкесінше, аталған мамандар енді Қазақстанға келетін саяхатшылар санын еселеу керек. Алғашқы жиынның өзі ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже берді. Шетелдік компаниялармен 74 мың билетті алу бойынша бес келісім-шартқа қол қойылды.

Жеңіс Зейнолла, Қытайлық компанияның өкілі:

- Тау-су, мәдениет, ұлттық ерекшеліктермен танысып Астанаға келдік. Жалпы келген барлығы саяхат маманы. Кемінде осы салада 20 жыл істеген. Барлығы Қазақстанға жоғары баға қойып жатыр. Экспо жақсы өтеді деп бәрі тілектес болып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы