Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бірнеше туркомпания «ЭКСПО-2017» көрмесіне 74 мың билет сатып алу үшін келісімшартқа отырды

  • 907
Бірнеше туркомпания «ЭКСПО-2017» көрмесіне 74 мың билет сатып алу үшін келісімшартқа отырды Фото: expo2017astana.com

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне келушілерді тарту мақсатында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы 4-11 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы бойынша ақпараттық турлар өткізді.

Әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық тур операторлар Қазақстанға келді. Іс-шараға Ресей, Қытай, Еуропа, Азия, ТМД елдерінен «Росс Тур», CITS, Alessandro Rosso Group, Monaco Ukraine Group және т.б. туроператорлар қатысты. Ақпараттық турлар 5 бағыт бойынша (ұлттық парктер мен тарихи-мәдени орындар, космодром т.б.) ұйымдастырылды.

Ақпараттық тур «Астана ЭКСПО-2017» бұл бағыттағы серіктестерін, яғни шетелдік туроператорларды мемлекетіміздің көрікті жерлерімен таныстыруды көздеген болатын. Олар еліміздің батыс өңірі, Ұлы Жібек жолы, Шығыс және Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларын аралап қайтты.

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің қонақтарына арналып жасалған 73 туристік маршрут бойынша қарастырылған жерлерде болды. Сонымен қатар өңірлердің «Жол картасы» мен визит картасы әзірленді.

«ЭКСПО-2017» көрмесіне 74 мың билет сатып алуға 5 туркомпаниямен келісімшартқа қол қойылды.

Хабар 24 телеарнасы