386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кәсіби боксшылар Головкин мен Тайсон EXPO-2017 көрмесіне шақырылмақ

  • 1101
Кәсіби боксшылар Головкин мен Тайсон EXPO-2017 көрмесіне шақырылмақ Фото: kvedomosti.com

Кәсіби бокс саласында ынтымақтастық туралы бес тарапты меморандум «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, Астана қаласының әкімдігі, «Қазақстан республикалық бок федерациясы» қоғамдық бірлестік, World Boxing Council және «Diamond Ring Promotions» ЖШС арасында қол қойылды.

Бұл туралы Еxpo2017astana.com хабарлады.

Аталған меморандум мақсаты World Boxing Council 55 мерейтойлық Конвенция мен Астана қаласында 2017 жылғы қыркүйекте кәсіби бокс кешін өткізуді қоса кәсіби бокс саласында іс-шаралар өткізуге бағытталған жоғарыда аталған ұйымдардың ұзақ мерзімді, тиімді және өзара пайдалы ынтымақтастықты дамыту мен серіктестік қарым-қатынастар орнату болып табылады. Аталған іс-шаралардың барлығы «Астана ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу кезінде өтеді және қоғам назары мен қызығушылығын осы көлемді оқиғаға аударуға бағытталған.

«ЭКСПО-2017 – Қазақстан астанасында өткізілетін өте күшті әлемдік оқиға. Көрмені өткізу шеңберінде көптеген ірі іс-шаралар өткізілуі дайындалып жатыр, оның ішінде халықаралық әлемдік пішінде өтетіндері де бар. Аталған меморандум «ЭКСПО-2017» дайындалып жатқан іс-шаралар кешенінде өзінің ерекше орынын алады деп санаймын», - деп атап кетті Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

«Дүниежүзілік бокс кеңесінен «ЭКСПО-2017» өткізу барысында World Boxing Council (WBС) мерейтойлық Конвенциясы өтетіндігіне өте қуаныштымын, оған әлемнің 165 елінен делегаттар қатысады, Қазақстанның астанасына келіп, оның әдемілігіне көз жүгірту орайы туады», - деп өз пікірін WBC Президентінің арнайы кеңесшісі Оксана Семенишина білдіріп кетті.

 

Халықаралық мамандандырылған көрме Астана қаласында 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйек аралығында өтеді, оның барысында қол қойылған меморандум шеңберінде World Boxing Council 55 мерейтойлық Конвенциясын және Майк Тайсон, Геннадий Головкин мен т.б. атақты боксшылардың қатысуымен кәсіби бок кешін өткізу жоспарланғанын атап кеткіміз келеді. 

Хабар 24 телеарнасы