425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Болашақ энергиясы» тележобасына іріктеу жалғасуда

  • 879

«Болашақ энергиясы» тележобасына іріктеу жалғасуда. Өткен айда «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Энергетика министрлігімен бірлесіп ғалымдар арасында байқау жариялаған болатын. Енді қазақстандық өнертапқыштардың жобаларын бәйгеге қосып, үздік атануға мүмкіндіктері бар. Әзірге іріктеуден өткен 6 жұмыс yourexpo.kz сайтында жарияланған. Естеріңізге сала кетейік, «Болашақ энергиясы» тележобасы «Хабар» мен «Хабар 24» телеарналарында күн сайын екі тілде шығады. Өтініштерді қабылдау желтоқсанға дейін жалғаспақ. Байқау жеңімпазының жобасы келер жылы халықаралық көрме кезінде көрсетіледі.

Ләззат Сағындықова, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің менеджері:

- Олардың барлық жұмыстары арнайы құрылған комиссиямен тексерілетін болады. Олардың патенттері болуы керек және де ол осыған дейін болмаған жоба болуы керек. Қазақстандықтар сол жобаларды таңдап, ең тәуірі, ең кереметі дегенге дауыс береді.

Хабар 24 телеарнасы