Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Әзірбайжан EXPO-2017 көрмесіне тас-түйін дайындықтарын растады

  • 930

50 жылдан кейінгі Әзірбайжан қандай болмақ? Мұны EXPO - 2017 көрмесінің қонақтары өз көзімен көріп бағасын бере алады. Астанаға сапарлап келген Әзірбайжан Республикасының энергетика министрі Натиг Алиев болашақ павильондарын таныстырды. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының» басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәртебелі мейманды қабылдап, көрмеге дайындық барысын пысықтады. Айта кетейік, осы күнге дейін 103 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым Қазақстанда өтетін айтулы шараға қатысатындықтарын растады. Ал Әзірбайжан қолдау танытқан елдердің алғашқысы болатын. Министрдің айтуынша, Әзірбайжан энергетика саласында алдағы онжылдықта жасалуы мүмкін ең үздік жетістіктерін көрсетпек.

Натиг Алиев, Әзірбайжан Республикасының энергетика министрі:

- Мен бүгін дайындық барысын, көрме ауқымын көріп, таңқалып тұрмын. Бәрі тиянақты, кәсіби тұрғыдан сауатты ұйымдастырылған. Көрмеге келгенімізде тіпті ғажап көріністі тамашалайтынымызға күмәнданбаймын. Әзірбайжан үкіметі бұл шақыртуды қуана қабылдады. Мемлекетіміз үшін бұл үлкен абырой. 

Хабар 24 телеарнасы