387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркия EXPO-2017 көрмесіндегі өз павильонының тұжырымдамасымен жұмыс жасауда

  • 586
Түркия EXPO-2017 көрмесіндегі өз павильонының тұжырымдамасымен жұмыс жасауда фото: expo2017astana.com

Бүгін Астанада «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің Түрік Республикасының экономика министрі, Түркия Ұлттық секциясының комиссары Тарык Сонмезбен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Ахметжан Есімов көрмеге дайындық бойынша жұмыс туралы түрік делегациясын хабардар етті. Ол бүгінгі күні 103 ел мен 17 халықаралық ұйым өз қатысуын растағандығын және қазанда қатысушы елдер одан арғы жұмыс үшін өз павильондарын алуына болатындығын атап өтті.

Өз кезегінде Тарык Сонмез Түркияның Ұлттық павильонының тақырыптық тұжырымдамасымен жұмыс туралы хабардар етіп, оның жуырда ұсынылатындығын растады.

Сондай-ақ кездесуге қатысушылар павильонды дайындау бойынша техникалық мәселелерді талқылады.

Хабар 24 телеарнасы