389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстанның Премьер-министрінің орынбасары ЭКСПО-2017 көрмесінің құрылыс алаңын аралады

  • 579
Өзбекстанның Премьер-министрінің орынбасары ЭКСПО-2017 көрмесінің құрылыс алаңын аралады фото: forbes.kz

Өзбекстан басшылары Самарқанд пен Бұхараны ЭКСПО-2017 көрмесінің қонақтарына арналған турпакетке қосуын ұсынып отыр. 

Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Улугбек Розукулов ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің құрылыс алаңында болып, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесті. Улугбек Розукуловтың назарына көрменің және оған іргелес орналасқан архитектуралық ансамблі ұсынылды. Делегация өкілдері осы айдың аяғында халықаралық қатысушы мемлекеттерге ұсынылатын халықаралық павильондарды аралап шықты. Бүгінгі таңда 105 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындығын ресми растады.

- Құрылыстың ауқымы мен сапасы таң қалдырады. Қазірдің өзінде көрменің шын мәнінде сәтті өтетіндігіне күмән жоқ. Өз тарапымыздан, ЭКСПО-2017 аясында Самарқанд пен Бұхараға арнайы туристік турларды ұйымдастыруға дайынбыз, - деді Улугбек Розукулов.

Хабар 24 телеарнасы