Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстан туралы мақалалар National Geographic Traveler Russia басылымында жарық көреді

  • 771
Қазақстан туралы мақалалар National Geographic Traveler Russia басылымында жарық көреді

Экспо-2017 көрмесіне дейін Қазақстан туралы мақалалар мен очерктер халықаралық National Geographic және National Geographic Traveler Russia журналдарында басылатын болады.

Елімізге туристер тарту мақсатында ұлттық компания мен басылым арасында осындай келісім жасалды. Мұнымен қоса журналдың әрбір санында түрлі байқаулар жарияланады. Мысалы, таяуда National Geographic Travel Awards халықаралық бәйгесі басталды. Жылдың үздік тур бағыттарын анықтайтын байқау 23 аталымнан тұрады. Соның бірі біздің мемлекетімізге арналған. Ол «Қазақстан жаңалықтар уақыты» деп аталады. Жеңімпазға елордада өтетін «Экспо» көрмесіне жолдама табысталмақ. Бұдан бөлек, «Қазақстан – болашақтың энергиясы» атты байқау жоспарда бар топ жарып шыққандар National Geographic Travel Russia журналымен бірге фото-экспедицияға аттанады.

Ольга Яковина, National Geographic Traveler Russia журналының бас редакторы:

- Біз бұған дейін Қазақстан туралы мақалалар жариялап келдік, әлі де жазатын боламыз. Өйткені оқырмандар тарапынан қызығушылық бар. National Geographic Traveler айына екі рет басылып шығады, ал National Geographic ай сайын жарық көреді. Мұнымен қоса электронды нұсқамыз бар. Ғаламтордың мүмкіндігі өздеріңізге жақсы белгілі. Ресейден бөлек, әлемнің кез-келген елінің тұрғыны оқи алады. 

Хабар 24 телеарнасы