426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияның Фриули-Венеция-Джулия өңірі «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға қызығушылық танытты

  • 712

Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов Фриули-Венеция-Джулия өңірінің Президенті Дебора Серраккиани мен Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Уәкілетті елшісі Стефано Раваньян бар италиялық делегацияны қабылдады.

Ұлттық компания басшысы шетелдік қонақтарды Көрмені дайындау барысы жөнінен хабардар етті. Атап айтқанда, ол көрмеге қатысушы шетелдердің өкілдеріне алғашқы бес павильон мен тұрғын жайлардың табысталғандығы туралы айтты. А.Есімов қонақтарға бүгінде «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу бойынша үлкен дайындық жұмысы жүргізіліп жатқандығын, нысандардың құрылысы аяқталуда екендігін және көрменің мазмұндық бөлігі ойластырылып, көрмеге келушілерді тарту бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатқандығын хабарлады.

Фриули-Венеция-Джулия өңірінің Президенті Дебора Серраккиани «ЭКСПО-2017» көрмесінде таныстыру үшін облыстың әлеуеті туралы әңгімеледі. Өңір Италияның 20 жерлерінің арасындағы халықаралық ынтымақтастық үшін үлкен мүмкіндіктері бар автономиялық бестікке енеді.

Фриули-Венеция-Джулия өзінің Удина университеті базасындағы дамыған ғылыми-зерттеу кластерімен, қалаларды басқару сандық технологияларымен, мәдени дәстүрлерімен, аграрлық азық-түлік кешенімен, машина жасау саласымен, сонымен қатар шарап өндірісі бойынша инновациялық технологияларымен атақты.

Бүгінгі күнге көрмеге қатысатындықтарын 105 ел, 17 халықаралық ұйым растады, 88 қатысу келісімшартына қол қойылды. Италия Республикасы көрмеге қатысатындықтарын растаған, шартқа қол қойған және ұлттық павильон комиссарын тағайындаған алғашқы елдердің бірі болды.

Хабар 24 телеарнасы